Бұл туралы Үкімет отырысында банк басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.
Бұл туралы Үкімет отырысында банк басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.
"Отбасы банк" жыл соңына дейін кезекте тұрған азаматтарға құны 130 миллиард теңге болатын 8 мың 812 кредиттік пәтер бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ләззат Ибрагимованың айтуынша, цифрландырудың арқасында тұрғын үйді бөлу қарқыны үш есеге артқан. Салыстыру үшін, бұған дейін әкімдіктер жылына шамамен 7000 пәтер бөлген, бұл жұмысқа 700-ге жуық қызметкер тартылған.
Қазір "Отбасы банкі" аталған процесті 20 маман жүзеге асырады. Банк ұлттық даму институты мәртебесінде жұмыс істеген алғашқы жылы жиырма 3500 отбасы баспаналы болған. Жалпы, соңғы бір жарым жылда банктің қолдауымен кезекте тұрған 40 мың отбасы тұрғын үй алған.
Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар бойынша 11 мыңға жуық қазақстандық баспаналы болды. 2026 жылдың басынан бері 10,8 мыңнан астам қазақстандық баспана сатып алды.
"Тағы 13,4 мың адамға жалдамалы пәтерлер бөлінді. Біз алдағы 5–8 жыл ішінде кемінде 30 мың адамды кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз", – деді Ләззат Ибрагимова.
Сонымен қатар, Қазақстанда "Ұмай" әйелдер ипотекалық бағдарламасын тамыз айының соңында қайта іске қосылатынын жеткізді. Бағдарлама Азия даму банкімен бірлесіп жүзеге асырылады және гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілетуге, сондай-ақ әйелдердің тұрғын үйге қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.
Бағдарламаға қатысу үшін меншіктегі жылжымайтын мүлік санына қатысты шектеу жоқ. Қатысудың негізгі шарттары – "Отбасы банкте" қолданыстағы депозиттің болуы және онда қаражат жинақтау мерзімі. Бұл өнімге сұраныс жоғары екені атап өтілді.
Банк депозиттерді алдын ала ашып қоюға кеңес береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Нацбанк Казахстана повысил базовую ставку с 9,25% до 12% годовых | 0 | 0 | 10-03-2020 |
| 2 | Банк "Открытие" может выплатить дивиденды ЦБ по итогам 2018 года | 0 | 0 | 07-02-2019 |
| 3 | Почему все пенсионные деньги казахстанцев нельзя просто хранить на депозите: объяснение Нацбанка | 0 | 8.96 | 27-07-2026 |
| 4 | Сбербанк ждет снижения ключевой ставки ЦБ до 8% к концу 2022 года | 0 | 0 | 15-12-2021 |
| 5 | Деньги стали дешевле: в Казахстане зафиксировали рекордный спрос на кредиты | 0 | 5.31 | 28-07-2026 |
| 6 | Нацбанк Казахстана принял внеочередное решение о повышении базовой ставки до 13,5% | 0 | 0 | 24-02-2022 |
| 7 | Набиуллина рассказала о выведении с рынка большинства недобросовестных банков | 0 | 0 | 06-09-2018 |
| 8 | Kazakhstan banks' capital rebounds to $2.37B by end-June | 0 | 22.5 | 02-08-2026 |
| 9 | Чистая прибыль банка "Открытие" по РСБУ в 2022 году упала почти в четыре раза | 0 | 0 | 06-04-2023 |