Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

АҚШ-тың өтінішінен соң Украина қазақ мұнайын тасымалдайтын танкерлерге соққы жасамайтын болды

Дата публикации: 12-08-2026 09:42:00

Бұл туралы Financial Times басылымы жазды.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Бұл туралы Financial Times басылымы жазды.  

Украина Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) терминалы арқылы қазақстандық мұнай тасымалдайтын танкерлерге шабуыл жасауды тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Киевтің мұндай қадам жасауына АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс ықпал еткен. Ресми Вашингтон дрон шабуылдары әлемдік мұнай нарығына қосымша қауіп төндіріп, Қазақстанда жұмыс істейтін ірі америкалық компаниялардың мүддесіне әсер етеді деп алаңдаушылық білдірген.

Financial Times дереккөздерінің айтуынша, өзекті тақырып Вэнстің Украина президенті Владимир Зеленскиймен 31 шілдеде болған телефон болған әңгімесінде талқыланған. Осыдан кейін КҚК терминалы маңындағы танкерлерге шабуыл жасалмады.

Дегенмен бұл Украинаның Қара теңіздегі кемелерге шабуыл жасаудан толық бас тартқанын білдірмейді. Киев КҚК инфрақұрылымы мен ресейлік емес танкерлерге, егер олар Украина санкцияларына ілікпесе және ресейлік мұнай немесе өзге де ресейлік жүктерді тасымалдап жүрмесе, тиіспеуге келіскен.

Украиналық шенеуніктердің бірі FT-ге Киев америкалық серіктестерінің ұстанымын мұқият ескеретінін айтқан. Оның сөзінше, Вашингтонның өтінішінен кейін арнайы тетіктер құрылып, КҚК айналасындағы жағдай АҚШ және Қазақстанмен бірнеше рет талқыланған.

Каспий құбыры консорцумы Қазақстан үшін ғана емес, АҚШ үшін де маңызды. Жобаға америкалық мұнай алпауыттары Chevron мен ExxonMobil қатысады. Олар Қазақстанның мұнай саласына да ірі инвестиция салған. Chevron Теңіз кен орнындағы үлестің 50 пайызына, ал ExxonMobil 25 пайызына ие. 

КҚК айналасындағы жағдай шілде айында күрт шиеленісті. Новороссийск маңындағы шабуылдар мұнай тиеу жұмыстарына кедергі келтіріп, Қазақстанды осы бағыттағы тасымалды уақытша шектеуге мәжбүр етті. Кеме иелерінің тасымалдау және сақтандыру шығындары айтарлықтай өсті.

КҚК-дағы проблемалар Қазақстанды мұнайдың бір бөлігін басқа бағыттарға қайта бұруды жеделдетуге мәжбүр етті.

Шілде айында мұнайдың жекелеген көлемдері Ақтау порты, Атасу – Алашаңқай мұнай құбыры және Атырау – Самара бағыты арқылы жөнелтілді. Қосымша бағыттар ретінде билік Баку – Тбилиси – Джейхан бағытын, Каспий теңізі мен Әзербайжан арқылы тасымалдауды, сондай-ақ Баку – Супса бағытын қарастырып жатыр.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1СМИ: ВСУ прекратили бомбить танкеры КТК по просьбе Вэнса012.112-08-2026
2Bloomberg: США убедили Украину не бить по танкерам и объектам КТК07.1209-08-2026
3В офисе компании, чей танкер задержан на Украине, идут обыски0025-07-2019
4FT: Украина столкнется с нехваткой средств ПВО на фоне замедления поставок США0009-09-2025
5США потребовали от Украины прекратить атаки на иностранные суда с казахской нефтью — FT07.5612-08-2026
6FT: Украина прекратила атаки на танкеры КТК после просьбы Вэнса09.0112-08-2026
7FT: Украина будет тратить средства ЕС на комплектующие для БПЛА из Китая0515-07-2026
8Премьер Австралии: обещанные Киеву списанные танки Abrams отправлены на Украину0019-05-2025
9Раскрыты детали переговоров по производству Patriot на Украине01005-08-2026
10FT: АҚШ Украина бойынша жаңа келіссөз жүргізушілерден үміт күтеді01018-08-2026

Классификация: Международные. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 10. Источник: inbusiness.kz.